Шымкент қаласында Отбасы күніне орай, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ерекше қажеттіліктері бар жастардың дарыны мен табандылығын паш еткен ауқымды мәдени-әлеуметтік іс-шаралар өтті. Екі күнге созылған бұл жоба қоғам назарын ерекше жандарға аударуды, олардың спорт пен өнердегі жетістіктерін насихаттап, әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсетуді мақсат етті.

11 қыркүйек күні өткен спорттық турнирлер аясында үстел теннисі, шахмат және тоғызқұмалақ бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Бұл сайыстар — жай ғана жарыс емес, өмірдің түрлі сынағына мойымай, алға ұмтылған жастардың қайсар рухы мен ерік-жігерінің айқын көрінісі болды.
Жеңімпаздар төмендегідей марапатталды:
Үстел теннисі:
1-орын – Мамажанов Розимұрат
2-орын – Нарзуллаев Арсланбек
3-орын – Жақыпбек Дастан
Тоғызқұмалақ:
1-орын – Ергешбай Қайсар
2-орын – Айтбаева Айсулу
3-орын – Қарашаш Еркебұлан
Шахмат:
1-орын – Нұрақ Бақытжан
2-орын – Арип Сүндет
3-орын – Кудратов Гуламжан
Барлық жүлдегерлерге медальдар, кубоктар, гүл шоқтары және қаржылай сыйлықтар табысталды. Бұл марапаттар – олардың еңбегі мен ерік-жігерінің лайықты жемісі.
12 қыркүйекте өткен шығармашылық кеште ерекше жастардың өнерге деген құштарлығы мен таланты көрермендерді тәнті етті. Ән мен би, әдебиет пен қолөнер тоғысқан бұл кеш – шынайылық пен шабыттың жарқын мерекесіне айналды.
Кеш барысында 40 қатысушыға алғыс хаттар мен гүл шоқтары табысталды. Сонымен қатар, 10 жас талантқа ынталандыру сыйлығы ретінде ұялы телефондар берілді. Бұл сыйлықтар — тек марапат қана емес, олардың жүрегіне үміт ұялатып, болашаққа сенім арттырған зор қолдау болды.
Жобаның маңызды бөлігінің бірі — қаладағы тарихи-мәдени орындарға ұйымдастырылған экскурсиялар болды. Бұл саяхаттар жастардың мәдени танымын
«Бұл жобалар арқылы біз ерекше жастардың бойындағы шексіз мүмкіндіктерді көрсете алдық. Олар – қоғамға үлгі боларлық қайсар мінезді, алға ұмтылған тұлғалар. Басты мақсат – олардың өз күшіне сенуіне жол ашып, үлкен өмірге қадам басуына қолдау көрсету»,- дейді шараны ұйымдастырушылар.
Шымкентте өткен бұл мәдени-әлеуметтік жобалар ерекше қажеттіліктері бар жастардың әлеуетін ашып, олардың спорттағы табысы мен өнердегі шабытын қоғамға танытты. Бұл жастар – мүгедек емес, олар – шексіз мүмкіндіктер иелері екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.