ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ – ОРТАҚ ИГІЛІККЕ БАТАЙТЫН ҚАДАМ!

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен 600-ге жуық жастары Дүниежүзілік сенбілік күніне орай қала тазалығына үлес қосып, үш бағыт бойынша сенбілік жұмыстарын жүргізді. Бірі көшелерді тазалап, енді бірі ағаштар мен жасыл желектерді ретке келтірсе, тағы бір топ қоқысты сұрыптау жұмыстарына атсалысты.

Бұл шара тек тазалық үшін ғана емес, ең алдымен жастардың бойына салауатты өмір салтын қалыптастыруды, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруды және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеуді мақсат етті. Себебі қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың мәдениеті мен санасының биіктігін көрсетеді.

Дүниежүзілік тазалық күні – әлем елдерінде бір мезетте жүзеге асатын ауқымды бастама. Бүгінгі сенбілік Қазақстанның барлық облыстары мен қалаларында өткізілді. Біз де осы игі шараның бір бөлігі болып, туған қаламыздың көркіне үлес қосқанымызды мақтан етеміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *