Шымкенттегі «Нұрсәт» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбеті сын көтермейді. Сыртқы әрлеу жұмыстарын талап етіп отырған үйлер әлеуметтік желіде де жарияланған болатын. Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов 29- сәуір күні тұрғын үйлердің қасбетін қайта қалпына келтіру жұмыстарын тиісті мекемеге тапсырған болатын. Есімізде.
Араға апта салып, «А.Р.Т -Құрылыс» ЖШС-і іске кірісті. Қазіргі таңда құрылыс компаниясының 30 жұмысшысы қасбетті қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда. Қосымша 5 құрылыс техникасы, яғни, 1 кран, 1 газель және 2 жүк көлігі мен 12 жеделсаты тартылған. Бүгінде нөмірі №19, 20 көпқабатты тұрғын үйлердің бүгінде алғашқы үш қабаты «Бесқұдық тас» зауыты өндіретін травертин құрылыс материалымен қапталуда.
Құрылыс жұмыстары қала күніне орай, яғни маусым айында аяқталады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, «Нұрсәт» шағын ауданындағы №19, 20 көпқабатты үйлер 2016 жылы салынған. Құрылысын алматылық компания жүргізген. Мердігердің тұрғын үйге 5 жылдық кепіл мерзімі аяқталмаған. Сол себепті, қаланың құрылыс басқармасы мердігерді сотқа беріп, сотта жеңіп шыққан.
Bozyq.kz