ШЫМКЕНТ: ЖАУЫННАН КЕЙІНГІ ҚАУІП СЕЙІЛДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатты жауған жауынның салдарынан су басқан Елтай тұрғын алабына арнайы барды. Су шайған жерлерді аралап, тасқын зардаптарын жою және алдын алу жұмыстары жөнінде арнайы комиссия құруды тапсырды.  Мұрат Дүйсенбекұлы, табиғаттың тосын мінез танытуына қарсы шаралар мейлінше күшейтілуін қатаң бақылауға алуды міндеттеді. Сонымен қатар  жауыннан келетін қауіпті алдын-ала болжай алмаған жауапты лауазымды азаматтарға тиісті шара көрілетінін атап  етті.

Қазіргі таңда қауіпсіздікті сақтау мақсатында құзырлы мекемелер тарапынан қажетті көмек көрсетілуде. Жағдай тұрақты бақылауда.

Естеріңізге сала кетейік,  алдағы үш күнде толассыз жауын жауады деп күтілуде.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *