Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданына қарасты төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері рейдттік іс-шара ұйымдастырды. Қаладағы өртке жол бермейтін минералды жолақтардың жай-күйін тексеруден өткізді.
Жазғы мезгіл өрт үшін қауіпті кезең. Сол себепті, қала аумағындағы барша егістіктерде, орман, жылыжайларда және саябақтардың маңында орналасқан минералды жолақтардың атқарар көмегі зор. Болуы мүмкін өрттердің алдын-алу үшін арнайы минералды жолақтар қауіпсіздік деңгейін күшейтеді. Маусымда сақтық шараларының барысын тексеруге төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері арнайы шығып, «Дендропарк» саябағында рейдтік іс-шарасын жүргізді. Ондағы орналасқан жолақтардың ені мен ұзындығын бақылап, тексеруден өткізді.
Минералды жолақты жырту жұмыстары 2020 жылдың мамыр айының 25 дейін аяқталады,- дейді Шымкент қалалық Әл-фараби ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бахадүр Расулов.