Тәрбие мен оқыту – біртұтас үдеріс

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А. Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектеп базасында білім беру ұйымдары директорларының әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Тәрбие мен оқыту – біртұтас үдеріс: мектептегі үйлесімді басқару мен тиімді әдістеме» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинардың басты мақсаты – білім беру ұйымдарында тәрбие мен оқыту үдерістерінің өзара байланысын нығайту, басқару мен әдістемелік қызметті тиімді үйлестіру жолдарын айқындау және педагогикалық процестің сапасын арттыру болды.

Іс-шара барысында қатысушыларға қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі тәрбие мен оқытуды кіріктіре ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері мен тиімді тәжірибелері ұсынылды. Семинарда білім мен тәрбиені сабақтастырудың нақты тетіктері, педагогикалық үдерістің тұтастығын қамтамасыз етудің әдістемелік құралдары мен практикалық үлгілері таныстырылды.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жүйелі әрі үйлесімді ұйымдастыру жолдары, тәрбие жұмысының сапасын арттырудағы басқарушылық тетіктер жөнінде әдістемелік ұсынымдар берілді.

– Семинар біз үшін өте мазмұнды әрі пайдалы болды. Әдістеме қоржынымыз жаңа идеялармен толықты. Әсіресе, әдістемелік қызметті тиімді ұйымдастыру мен сараптамалық кеңес жұмысының бағыттарын жетілдіру бойынша маңызды кеңестер алдық. Ол үшін үлкен алғыс білдіреміз, – дейді Шымкент қаласындағы  №90 дарынды балаларға  арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы директорының  әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Күләш Бакирова.

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, мектептерде тәрбие мен оқыту бағытындағы басқару және әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар ұсынды.

Аталған іс-шара білім беру ұйымдарында тәрбие мен оқытудың біртұтастығын қамтамасыз етуге, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және мектептегі әдістемелік жұмыстың сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *