ЖЕКЕМЕНШІК МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласы  бас санитарының №17 қаулысына сәйкес 11-ші мамырдан бастап  мегаполисте жекеменшік медициналық орталықтар жұмысын қайта бастады. Іске кіріскен  мекемелерде санитарлық талаптар қатаң сақталуы шарт. Сондықтан қаладағы  Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары мониторинг жұмыстарын күшейте түсті.    

 Бүгінде Шымкенттегі Әл-Фараби  ауданының өзінде 60 қа жуық мемлекеттік емес медициналық мекеме бар. Қазіргі таңда олардың 30 пайызы карантин тәртібімен жұмысын бастады. Санитар мамандар әр нысандағы жағдайға қанығып, түсініктеме жұмыстарын жалғастыруда.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *