Төтенше жағдай кезінде 7 санаттағы азаматтардың коммуналдық қызмет шығындары өтеледі. Олардың Сәуір , Мамыр айында пайдаланған электр, газ, су құнын мемлекет төлейді. Шымкент қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы баспасөз брифингінде баяндады.
Елімізде орын алған төтенше жағдай кезінде көмекке мұқтаж отбасылардың пайдаланған коммуналдық қызметінің құнын мемлекет өтейді. 7 санатқа 1-ші, 2-ші, 3-ші топтағы мүгедектер, Ұлы Отан соғысының мүгедектері қатысушылары мен теңестірілгендер. Мүгедек бала тәрбиелеуші отбасы, көпбалалы отбасыларғада жеңілдік бар. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алатындар осы санатқа жатады. «Сәуір мен Мамыр айларына 15 мың теңгеден бөлініп отыр. Бұл қаржы азаматтардың коммуналдық мекемедегі бет есепшотына түседі.
«Қаржыландыру әлі басталған жоқ. Біздің сайтта көрсетілген болатын 7 күнде жауап жолданады деп. Сондықтан қаржыландыру басталмағандықтан біз әлі жауап жолдап жатқан жоқпыз. Енді жоспар бойынша келесі аптадан бастап қаржы түсе бастайды»-деді Шымкент қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов.
Осы уақытқа дейін Шымкентте коммуналдық шығыны өтелетін 14 820 абонент белгілі болды. 12 мыңдай азамат әлі анықталып жатыр. Құжаттар мамырдың 18 мен 20 аралығында қабылданады. Туыстарының үйінде тұрып жатқан азаматтардың туыстық қатынасы анықталған жағдайда қаралған қаржы туысының бет есеп шотына түседі.
Bozyq.kz