Тасқын судан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмек беру ісінен Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі де шет қалған жоқ. Шымкенттік бір топ ардагер Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесіп, олардың қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты. Қайырымдылық қорға 1,5 млн. теңге аударды.
«Еліміздегі қандай да бір қиындық ол біздің бірлігімізді нығайтады. Бауырмал ел екенімізді көрсетеді. Сондай-ақ, ол сынақты жеңе білу — баршамызға ортақ міндет»,- дейді Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рысбай Исамудин.
Қазыналы қарттардың бұл қанатты сөзі кейінгіге үлгі, өнеге. Мақтааралдықтарды қолдау ісі мен гуманитарлық көмек алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Bozyq.kz