KAIZEN ҚАҒИДАТТАРЫН ЕНГІЗУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН BRAINSTORMING-СЕССИЯ ӨТТІ

Көкшетау қаласында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК ұйымдастыруымен Kaizen әдісін кәсіпорын қызметіне енгізу мәселелері талқыланды. Жиынға «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК барлық филиалдарының зертхана меңгерушілері мен сапа және мемлекеттік есеп бөлімдері басшылары қатысты.


Кездесудің алғашқы күні қатысушыларға Kaizen философиясының негізгі қағидаттары таныстырылып, үздіксіз жетілдірудің маңызы түсіндірілді. Ал екінші күні ЖАСҰО-ның жол активтері сапасын бақылау тетіктерін жетілдіруге бағытталған brainstorming-сессия өз жұмысын жалғастырып, нақты ұсыныстар мен бастамалар талқыланды.

Ведомстволық сараптама мәселелері бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Ведомстволық сараптама бөлімінің бас маманы Камила Бекенова баяндама жасап, қолданыстағы сараптама рәсімдерінің сапаны бақылаудағы рөліне тоқталды. Сонымен қатар, бұл үдерістерді жетілдіру жолдары мен тиімділігін арттыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Ал Kaizen философиясы мен 5S жүйесі аясында кеңістікті тиімді басқару мәселелері жөнінде Техникалық саясат бөлімінің бас маманы Индира Үсенова баяндама жасады. Ол өндірістік және зертханалық қызметте үздіксіз жетілдіру қағидаттарының маңызын атап өтіп, жұмысты дұрыс ұйымдастыру мен ресурстарды тиімді пайдаланудың оң нәтижелеріне кеңінен тоқталды.
Brainstorming-сессия барысында еліміздің әр өңірінен келген зертхана меңгерушілері мен бөлім басшылары өзара тәжірибе алмасып, саланың өзекті мәселелерін бірлесіп талқылады. Жиналыста Тапсырыс беруші мен Сапа орталығы арасындағы регламент мәселесі көтеріліп, сондай-ақ Kaizen бағдарламасын тереңірек меңгеруге арналған практикалық сабақ ұйымдастырылды.

Аталған шараның маңыздылығына тоқталған «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Шымкент қалалық филиалы директорының міндетін атқарушы Ермек Намазов:

«Бұл жай ғана кезекті жиналыс емес. Бұл – әр өңірдің білікті мамандарының бір-бірімен пікір алмасып, жақын танысып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін алаң. Мұндай кездесулер жол сапасын арттыруға елеулі үлес қосады», – деп атап өтті.

Қорытындылай келе, аталған brainstorming-сессия нәтижесінде ішкі басқару мәдениетін жетілдіруге, қызмет сапасын арттыруға және филиалдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар қалыптастырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *