Шымкентте 245 мың оқушының жазғы демалысы ұйымдастырылуда

Биыл Шымкентте 245 мың оқушы жазғы демалыспен қамтылады. Оның 225 мыңға жуығы мектеп жанындағы лагерьлерде тынығады.

 

Ал 11 200 бала мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы анықталған сауықтыру лагерьлеріне және Оқушылар сарайына қарасты «Ақсу», «Машат-Арасан» лагерьлеріне жолдама алады. Атап айтқанда, Ақсу, Машат-Арасан, Үркер, Үш бұлақ, Турбаза Қазығұрт, Көктөбе-1 лагерьлерінде демалады.

Бұл нысандар Түлкібас, Қазығұрт аудандарында, сондай-ақ Шымкент және Кентау қалаларында орналасқан.

Жаз мезгілінде балалар үшін экскурсиялар, спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар ұйымдастырылып, музейлерге, саябақтар мен кинотеатрларға бару жоспарланған.

Сонымен қатар жоғары сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру жобаларына қатысып, жоғары оқу орындарында заманауи технологиялармен танысып, шеберлік сабақтарына қатысады.

Айта кетейік, ағымдағы жылы жазғы сауықтыру лагеріне өтініштер «QOSYMSHA» ақпараттық жүйесі (https://qs.qarqynshym.kz/kz) арқылы қабылданып, толық цифрландырылуда.

Балаларды жазғы сауықтыру лагерлеріне қабылдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Атап айтқанда:

— Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 158 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес лагерьге жолдама алу үшін қажетті құжаттар тізбесі қабылданады;

— сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы  25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, аз қамтылған және әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан балалар қамтылады.

Қабылдау жұмыстары заң талаптарына сәйкес ашықтық, әділдік және қолжетімділік қағидаттары негізінде ұйымдастырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *