ШЫМКЕНТ: КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 485 АДАМҒА ЖЕТТІ

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 50 адам тіркелді. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 50 тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланып отыр.

Оның 24-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болса, 5-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Ал, қалған 21-інен вирус скрининг нәтижесінде анықталған. Барлық науқастар инфекциялық стационарда. Қазіргі таңда жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.  Соңғы ақпарат бойынша Шымкент қаласында COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 485 адамға жетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *