ШЫМКЕНТТЕ ӘУЕЖАЙҒА БАРАТЫН ЖОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халықаралық әуежай аумағында салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалына баратын жол құрылысының барысымен танысты. Онда инженерлік желілерді қайта құру, әуежай алдындағы автотұрақты және бекет алды алаңының құрылысы мен абаттандыру жұмыстары да қоса жүргізіліп жатыр.

  Жалпы ұзындығы 2,287 шақырымды құрайтын жол құрылысының бүгінде  жер жұмыстары қызу жүруде. Мәселен, суағар каналмен қиылысқан жерінде  су өткізгіш құрылысы мен  темір-бетонды құбырдың құрылыс-монтаж жұмыстары және жолмен қиылысатын газ, су құбырының кабельдерін қорғау, жер астына ауыстыру жұмыстары атқарылуда. Жолдың сапасына баса мән беруді тапсырған қала басшысы кемшіліктерді алдын-ала анықтап, жою керектігін ескертті. Сонымен қатар, әкім жолдың көлік өтетін бөлігін қыркүйек айына дейін аяқтауды міндеттеді. Жалпы, құрылыс жұмыстарын 2020 жылдың соңына қарай аяқтау көзделіп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *