Киберқауіпсіздік бойынша профилактикалық семинар өтті

Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасының мәжіліс залында интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелеріне арналған профилактикалық семинар-кеңес өтті.

 

Іс-шараға басқарма басшылығы, бөлім басшылары, аппарат қызметкерлері және Шымкент қаласындағы №1 полиция батальонының жеке құрамы қатысты.

Семинар барысында интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, азаматтардың жеке деректерін қорғау және алаяқтық әрекеттердің алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Баяндамашылар ретінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері, полиция капитандары Ердаулет Қанатұлы Ералиев пен Бақытжан Тұрсынбайұлы Бекбаев сөз сөйледі.

Кездесу барысында интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар қатысушыларға алаяқтардың кең таралған тәсілдері, олардың белгілері және олардан сақтану жолдары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.

Іс-шара соңында қатысушыларға профилактикалық ұсынымдар ұсынылып, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Айта кетейік, 2026 жылы елімізде интернет-алаяқтық қылмыстарының тіркелуі 2,5 пайызға азайған. Сонымен қатар оларды ашу деңгейі 32,2 пайыздан 40 пайызға дейін өсіп, көрсеткіш 7,8 пайыздық тармаққа артты. Ал ашылмаған қылмыстық істер саны 16,6 пайызға төмендеген.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026–2028 жылдарға арналған ведомстволық бағдарламаны іске асыруда. Бағдарлама аясында саладағы өзекті мәселелерге жан-жақты талдау жүргізіліп, олардың тиімді шешімін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылдауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *