Алтынсарин көшесінде жол жөндеу жұмыстары қарқын алды

Шымкентте инфрақұрылымды дамыту және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында Алтынсарин көшесінде жол жөндеу жұмыстары жоспарға сай қарқынды жүргізілуде.

Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан жолдың негізін дайындау және асфальт қабатын төсеу жұмыстары атқарылып жатыр.

Аталған нысандағы құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін көлік қозғалысының өткізу қабілеті артып, тұрғындар мен жүргізушілер үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасалады. Айта кету керек, атқарылып жатқан жол құрылысының сапасы мен қауіпсіздігі «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК мамандарының тікелей бақылауында болады. Нысан пайдалануға берілмес бұрын арнайы зертханалық сараптамадан өткізіледі.

Осыған байланысты, жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін аталған көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жүру бағыттарын алдын ала жоспарлау сұралады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *