ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНЫ ҮЙІНДЕ ЕСІРТКІ ӨСІРГЕН

4 мамырда Еңбекші ауданында Шымкент қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізген.  Нәтижесінде 53 жастағы жергілікті тұрғынның үйінде құрамында есірткі заты бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру фактісін анықтады.

Үй ауласын тінту барысында есірткі құрамдас өсімдіктерді өсіретін құмыралар табылды. Сараптама нәтижесі бойынша алынған өсімдіктер есірткі заттарына жататындығы расталды. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.  ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *