Шымкенттік аз қамтылған 1000 отбасыға бірінші санаттағы қажетті азық-түлік таратылады. Төтенше жағдай режимі алынғанымен, «Біз біргеміз» акциясы жалғасып жатыр. Игі іске «Nur Оtan» партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері мен еріктілер атсалысты.
Себетке ұн, күріш, қант, қарақұмық, күнбағыс майы сынды күнделікті тұрмыста қажетті азық-түліктер салынды. Осындай 1000 қорап қаламыздағы 4 ауданның әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына таратылады. Алғашқы легі алдыңғы аптада селден зардап шеккен Елтайлық тұрғындарға жөнелтілді. Сондай-ақ, партия белсенділері Жетісайлық диқандарды қолдау мақсатында 400 қап орамжапырақ сатып алып, оны да таратпақ ниетте. «Аталмыш акция алдағы 3 күн бойы жалғасатын болады.