КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМГЕ ӨТІНІМ БІЛДІРГЕНДЕР САНЫ 30  МЫҢНАН АСТЫ 

Коммуналдық қызметтер үшін төленетін 15 мың теңгеге бүгінге  дейін қаламыз бойынша  30 279 азаматтан өтінім келіп түсті. Олардың басым бөлігінің өтінімдері оң шешімін тапты. Ал, кейбір тұрғындардың  жеке шоттары анықталмай, қазір тексерілу үстінде, — дейді Шымкент қалалық тұрғын үй инспекциясының өкілдері.

 Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында communal-komek.kz сайты іске қосылған. Онда әрбір азамат өзінің ЖСН, әлеуметтік мәртебесін және жеке шоттарын енгізе отырып, өтінім бере алады. Сондай-ақ, әлеуметтік көмек бойынша азаматтарға кеңес беру мақсатында Шымкентте  Call-орталық ашылған. Орталық таңғы 09:00 мен 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Оған күні бүгінге дейін 27 465 қоңырау түскен.

www.bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *