«QAMQOR QAZAQSTAN» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Елімізде «QAMQOR QAZAQSTAN» әлеуметтік жобасы бастау алды. Аталған жоба аясында Шымкент қаласының «Keleshek» жастары және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының» қызметкерлері қаламыздағы 12 отбасыға азық-түлік үлестірді. 

Акция аясында көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналардың тізімі жасақталған. Әлеуеті әлжуаз топтарға ұн, күріш, қант, шай және күнбағыс майы сынды бірінші кезектегі қажетті азық-түлік себеттері үлестірілді. Айтып өтейік,  «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері Кәсіподақ Орталығымен Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша бұған дейін де 100 отбасыға азық-түлік қорапшалары және қала тұрғындарына 2 000 бетперде таратқан болатын.

www.bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *