Елтай елдімекенінде тасқын судан қатты зақымданған 5 үй қайта салынады. Бұл үшін «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік қорынан арнайы қаржы бөлінді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев аталған елді мекеннің тұрғындарымен кездесу барысында мәлім етті.
-Әлеуметтік қордан бүгінгі таңда тиісті қаражат бөлінген. Осы аптаның соңында құрылыс жұмыстары басталатын болады. Құрылыс компанияларына үйлерді бір жарым айда аяқтауды айттық. Бұдан бөлек, су басқан 32 үйдің зақымданғаны туралы комиссия шешім шығаратын болса әлеуметтік қордан қалпына келтіру жұмыстарына тиісті қаражат бөлуді қарастыратын боламыз,-деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев.
www.bozyq.kz