31 ТҰРҒЫН COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 31 адам тіркелді (21.05.2020 жылғы мәлімет бойынша).

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 31 Шымкент қаласы тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланды: 14-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 5-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, 12-і скрининг нәтіжесінде анықталған. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

21.05.2020 жылы қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 539 адам анықталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *