Шымкент қаласында «Тіл және технология: тілдің жаңа тынысы» атты қалалық фестиваль өтті.

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Қаратау» дәстүрлі ұлттық өнер мектебінде өткен шараға білім беру ұйымдарының басшылары, тіл жанашырлары, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, өзбек тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндерінің 250-ге жуық педагогі қатысты.
Фестивальде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл үйретудің заманауи тәсілдерін таныстыру және этностар арасындағы достық қарым-қатынасты тіл арқылы нығайту тетіктері насихатталды.

Тіл үйрету үдерісінде заманауи технологияларды қолдану, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану және тіл пәндеріне қызығушылықты арттыруға бағытталған жобалар таныстырылды.
Шара барысында бірнеше тілдің өзара сабақтастығы мен тіл арқылы мәдениетаралық байланысты нығайту мәселелері де қамтылды.