М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің жас ғалымы, Ph.D., қауымдастырылған профессор Райымбеков Еркебұлан Батырбекұлы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Жас ғалымдар кеңесі Президиумының құрамына енгізілді.

Бұл – жас ғалымның ғылыми қызметіндегі маңызды жетістік және университетіміздің ғылыми әлеуетінің жоғары бағалануының айқын көрінісі.
Еркебұлан Батырбекұлының ғылыми қызметі жасыл химия, тұрақты технологиялар, су жүйелерін зерттеу, қоршаған ортаны қорғау және инновациялық материалдарды әзірлеу бағыттарын қамтиды. Ол отандық ғылымды дамытуға, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге және жас зерттеушілерді қолдауға белсенді үлес қосып келеді.
Президиум құрамындағы қызметі жас ғалымдардың бастамаларын ілгерілетуге, ғылыми қауымдастықтар арасындағы байланысты нығайтуға және Қазақстан ғылымының жаңа мүмкіндіктерін дамытуға бағытталмақ.