Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы Қаулысы жарияланды.
Шымкент қаласының аумағында 2020 жылдың 25 мамыры сағат 07.00-ден бастап 2020 жылдың 8 маусымы сағат 00.00-ге дейін карантин шаралары ұзартылады.
Қоғамдық орындарда, қоғамдық көлікте және қызметі рұқсат етілген объектілерге барғанда бетперде, қолғап, антисептиктер пайдалану міндеттеледі.
Көпшілік іс-шаралар (мерекелік, спорттық-көпшілік, ойын-сауық мәдени көпшілік іс-шаралар, конференция, семинар, көрме және т.б) өткізуге тиым салынады.
Шымкент қаласының аумағындағы барлық топтағы объектілер (сауда саласы, қызмет көрсету, қаржы және т.б,) үшін жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеледі.
Айта кетейік, бұл COVID-19 сырқаттанушылығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында қолға алынып отырған шара.