«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ: БАСПАНА КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

Шымкенттіктер үшін жағымды жаңалық.  Шымкентте «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасына құжаттар қабылдау басталды. Бұл бағдарламаның шарттары қандай? ТҮҚЖБ Шымкент филиалы бөлім басшысы Нұрлан Сұлтановты сөзге тарттық.

Нұрлан  Сұлтанов — ТҮҚЖБ Шымкент филиалы бөлім басшысы

Бұл бағдарламаның несие шарты тиімді. Жылдық мөлшері – 2 пайыз. Оған көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар мен кәмелет жасына толмаған балалары бар толық емес отбасылар қатыса алады. Бір ғана талап бар. Ол – табыс көлемі  шектік бағадан аспауы керек. Несие сомасының 10 пайызы көлеміндегі алғашқы жарна болған жағдайда жылына 2% мөлшерлемемен несие беріледі. Мерзімі – 20 жылға дейін. 
«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушы азаматтар өзінің әлеуметтік санатын айқындайтын арнайы тұрғын үй сертификатын алуы қажет. Яғни, Шымкент қаласында баспана кезегінде тұрсаңыз және қолыңызда әкімдіктің тұрғын үй басқармасының жолдамасы болса  өтінішіңіз қабылданады.

Бұл бағдарламаның көмегімен жаңа және қолданыстағы үйден пәтер немесе жер үй сатып алуға болады. Ең жоғары займ сомасы – Шымкент қаласында 15 миллион теңге. Өтінім беруші жылжымайтын мүлікті баспана кезегінде тұрған аймақта ғана сатып ала алады.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *