Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ғылым – барша адамзатқа ортақ игілік»

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Ғылым және жоғары білім саласындағы III Стратегиялық серіктестер форумына қатысты.

Жиында Қазақстанның жоғары білім жүйесін дамыту, ғылымды қолдау, халықаралық ынтымақтастық және жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері талқыланды.

Назар аударатын негізгі көрсеткіштер:

1)Қазақстанда 132 жоғары оқу орны бар. Онда 800 мыңнан астам студент білім алады.

2)Еліміздегі шетелдік студенттер саны 41 мыңға жеткен. 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 100 мыңға жеткізу көзделіп отыр.

3)Қазақстанның 18 жоғары оқу орны QS әлемдік рейтингіне енген.

4)Ғылымды қаржыландыру көлемі 590 миллион долларға жеткен.

5)Соңғы жеті жылда білім беру гранттарына бөлінетін қаражат екі есеге артып, 3,4 миллиард долларға жеткен.

6)Әлемнің 11 елінен келген жетекші университеттер Қазақстанда өз филиалдарын ашқан. Қазір бұл оқу орындарында 12 мыңнан астам студент білім алуда.

Айтпақшы, Шымкент үшін де маңызды жаңалық айтылды.

Мемлекет басшысы Шымкенттегі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Бұл – қаладағы жоғары білім саласы үшін елеулі оқиға.

Бүгінде әлем елдерінің даму қарқыны табиғи ресурстардың көлемімен ғана емес, білімді ұрпақтың әлеуетімен, ғылымның жетістігімен және жаңа технологияларды игеруімен де айқындалады.

Мемлекет басшысының білім мен ғылымды ел дамуының негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындауы орынды. Бұл бастамаларды нақты нәтижеге айналдыруға қажетті саяси ерік те, жүйелі жұмыс та бар деп есептеймін.

Нұрлан Әлімбаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *