ШЫМКЕНТ: ЗООБАҚТЫҢ 63 ПАВИЛЬОНЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Шымкентте зоологиялық бақта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев Инстаграм парақшасында айтып өтті.

– Шымкент зообағы келушілер үшін әзірге жабық. Бірақ бұл – зоологиялық бақ жұмыс істемейді деген сөз емес. Онда жөндеу жұмыстары толығымен жүргізілуде. Зообақ басшылығы, мердігер мекеме және жобалаушы өкілдерімен өткен көшпелі отырыста жұмыстардың барысын талқыладық. Зоологиялық парктің 63 павильоны қайта жаңартылып жатыр. Олардың әрбірі жануарларға барынша жақсы жағдай жақсарту мақсатында жабдықталады, – деді қала әкімінің орынбасары.

Зообақта жөндеу жұмыстары бірнеше кезең бойынша жүзеге асырылуда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *