ШЫМКЕНТ: «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ 41 630 АЗАМАТҚА 50 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кеше өткен  онлайн-брифингте төтенше жағдай кезінде уақытша табысынан айырылған және әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолдау шаралары көрсетілгенін айтты.  Оның ішінде табысынан айырылған 283 897 адамға 42 500 теңгеден әлеуметтік көмек төленгені сөз болды.

Ал «Nur Otan» партиясы арқылы «Біргеміз» қоғамдық қорымен әлеуметтік топтағы 41 630 азаматқа 50 мың теңгеден көмек көрсетілген. Сондай-ақ, аз қамтылған 20 мың отбасыға 50 данадан 1 млн. бетперде таратылған.

Осы орайда республикалық бюджет есебінен азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз ету үшін 74 мыңнан астам адамға 994,7 млн.теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілгенін айта кеткен жөн. Ал әлеуметтік осал топтағы азаматтарға коммуналдық шығыстарын өтеуге 1,5 млрд.теңге қаржы бөлінген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *