МҰХТАР ДҮЙСЕМБЕКОВ: БАСТЫ МАҚСАТ -ЖОЛ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

Үшінші мегаполисте жол сапасына ұдайы мониторинг  жүргізіліп келеді.  «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Шымкент қалалық  филиалы жол құрылысының сапасын жіті  бақылап отыр.  Мәселен ағымдағы жылы «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Шымкент қаласы бойынша филиалы қайта құру, жөндеу және құрылыс объектілеріне 131 рет шығып,  255 жол-құрылыс материалдарының сынамасын алып, сынақтан өткізген.  Оның ішінде 124 сынама талапқа сай болмай шыққан.  Қысқасы, 463 ақаулар пен кемшіліктер анықталған.

«Бүгінгі таңда ол ақаулар жөнінде  мердігерге, тапсырыс берушіге хаттармалар толтырылды.  Қазір  қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде», – деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК  Шымкент қалалық филиалының директоры  Мұхтар Дүйсембеков.

Жалпы ағымдағы жылы мегаполистің 256 көшесі жаңғыртылады. Оның 225-і орташа, алтауы күрделі жөндеуден өткізіледі. Бұл мақсатта 26,9 миллиард теңге жұмсалады.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *