МҰРАТ ӘЙТЕНОВ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдайдан кейінгі кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Жұмыс барысында Қазақстандағы ең ірі «Бал Текстиль» отандық кілем өндіруші фабрикасын аралап көрді. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті екенін айтқан әкім кәсіпорын басшыларына карантиндік шектеулерді қатаң сақтауды ескертті.

Сонымен қатар, Мұрат Дүйсенбекұлы таза былғарыдан аяқ киім шығаратын «СП «LuxShoes» ЖШС-нің де жұмысымен танысты. Мақта иірімжібін өндіретін «Azala Cotton» фабрикасында болды.  Жұмыс барысында Мұрат Дүйсенбекұлы барлық кәсіпорын иелеріне карантиндік шектеулерді орындап, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды.

 Бұдан бөлек, әкім жалпы инвестиция құны 1 миллиард 800 миллион теңгені құрайтын «Әлем БТ» ЖШС қазақстандық шұлық-тоқыма зауытына барды.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *