ШЫМКЕНТ: АЛДЫҢҒЫ ШЕПТЕ 2 700 ДӘРІГЕР ЖҮР

Қауіпті аурумен күресте 2700 астам медицина қызметкерлері алдыңғы шепте жүр. Білікті мамандардан жасақталған дәрігерлер қаламыздағы 26 емдеу мекемесінде күн, түн демей еңбек етуде. Олар күнделікті дертпен бетпе-бет келіп, эпидемиялогиялық жағдайдың өршуіне қарамастан өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді.

Гипократтық анттарына адал ақ халаттылар науқастарға қолдан келген көмектерін көрсетуде. Тіпті, араларында карантин басталғалы бала-шағасын көрмегендері де бар. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырмасына сәйкес, шымкенттік 2126 медицина мамандарына наурыз-сәуір айларында адал еңбектері үшін 799.22 млн теңге үстемақы берілді,»-деп хабарлайды Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Қаладағы мемлекеттік медициналық ұйымдарда жалпы 3226 дәрігер мен 8493 орта буынды медицина мамандары күн-түн демей жұмыс істеуде. Одан бөлек, үстемақы алмаған 4 медициналық мекемеде еңбек ететін 500-ден астам қызметкерге сыйақы берілген.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *