Шымкентте короновирус инфекциясын жұқтырған бір адам көз жұмды. 1956 жыл туылған азамат 26 мамыр күні жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. 64 жастағы науқастан зертханалық сынамасы алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 оң нәтиже берген.
Науқастың қосалқы ауруы: Жоғары тәуекел тобына жататын ІІІ-дәрежелі артериалды гипертензия. Науқасқа емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, күнделікті республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 2-маусым күні, сағат 08:00-де науқас қайтыс болды. Науқаспен қарым-қатынаста болған отбасы мүшелерінен коронавирус инфекциясы анықталып, емдеу шаралары жүргізілуде. Сoronavirus 2020.kz/ сайтының соңғы мәліметі бойынша Шымкентте COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар саны 906 ға жектен. 372 науқас дертінен айығып шыққан. Қатерлі вирустан жалпы 9 адам көз жұмды.
Bozyq.kz