Шымкент қаласына Қостанай мен Павлодар облыстарынан бір топ журналистер келді. Мақсат мегаполистің сәулеті мен табиғатын көзбен көріп, тарихи — туристтік әлеуетіне мән беру. Сүйтіп өз аймағында кеңінен насихаттап, «Fly Arystan» әуе компаниясы арқылы сахаттаушыларды миллионды қалаға тарту. Бұл бастамаға еліміздің туризм басқармалары қызығушылық танытып, қолдап отыр. Қонақтарды қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қабылдап, баспасөз брефингін ұйымдастырды.
Қос облыс пен Шымкенттің журналистері бас қосқан жиында жаңа жобаның тиімді тұстары сөз болды. Себебі, Орталық Азиядағы алғашқы лоукастер — Fly Arystan әуе компаниясы жұмысын жандандырып отыр. Миллионды қалаға қатынайтын жаңа рейстер ашып, саяхаттаушылар санын арттыруға мол мүмкіндік сыйлады.
Әуе компанияның сенімді өкілі брефингте билеттерді бірнеше ай бұрын алып қоюға кеңесін де берді. Ол дегеніміз, «Жаздың қамын, қыс ойла» деген ұстанымға жақын жандар, ақшаларын біраз үнемдей алады – дейді. Себебі, лоукостер жұмысының басты қағидасы да осы.
Естеріңізге сала кетейін, 2019 жылдың мамырында алғашқы лоукостер – Fly Arystan әуекомпаниясы өз жұмысын бастады. Мұнымен отандастастарымыз жиі әрі қолжетімді бағаға саяхаттауға мүмкіндік алды. Ең арзан билеттері 3999 теңгеден басталады.