ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 8 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мектептердің құрылысы қалай жүріп жатқанын тексерді.  «Самал-3», «Асар-2» шағын аудандарында салынып жатқан 1200 орындық үш мектептің құрылысын аралап көрді.

Бүгінде аталған білім нысандарының құрылыс-монтаждау жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Бұл жұмыстарға жалпы 200-ден астам құрылысшы тартылып отыр. Мектептер қыркүйек айында пайдалануға берілетін болады. Қала әкімі пайдалануға тапсырылған нысандардың кепілдік мерзімі аралығында пайдалану кезіндегі сапасына жүйелі түрде мониторинг жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, биыл қалада 13 мектеп пен 2 өнер мектебінің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 8 мектеп пайдалануға берілсе, 5 мектептің құрылысы 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Соның нәтижесінде, апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азаяды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *