«SHYMKENT INVEST» КЕҢСЕСІ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӘСІПКЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

«Бизнеске арналған үкімет-Shymkent INVEST» кеңсесі аз уақыт ішінде 2 мыңға жуық кәсіпкерге қызмет көрсеткен. Атап айтқанда, әйелдер және жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы бойынша 1 пайыздық жеңілдетілген несие алу үшін 427 азамат өтініш берген. Нәтижесінде жалпы құны 98 млн. теңгені құрайтын 11 жоба мақұлданған.

«1000 сауда орны» бағдарламасы аясында жер учаскелерін алу бойынша 200-ге жуық азаматқа кеңес берілсе, мемлекеттік грант алу бойынша 104 адам өтініш білдірген.

Сонымен қатар, 500-ден астам кәсіпкерге қаржылай емес қолдау көрсетіліп, мамандардың көмегімен бірнеше жоба әзірленді,-дейді мамандар.

Фронт-офис кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасы бойынша жан-жақты қызмет көрсетіп, нәтижелі жұмыс атқарып келеді. Мұнда кәсібін ашқысы келген кез келген азамат жауап  ала алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *