ШЫМКЕНТТЕ А.ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ БІЛІМ ОРДАСЫ АШЫЛДЫ

Үшінші мегаполисте білім саласы «ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында өңірлік бағдарламамен жұмыс жүргізуде.  Шаһарда білім саласының ағымдағы жағдайына талдау жүргізіліп, мемлекеттік бағдарламада белгіленген нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.
Онлайн тамыз кеңесінде баяндама жасаған Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Ж. Тәжиева жаңа оқу жылында бірқатар білім ордалары ашылатынын мәлімдеді.
Жаңа оқу жылынан бастап Шымқалада халқымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «А. Құнанбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия мектебі» жұмысын бастайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *