«АСАР-2» ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

Қаратау ауданы тұрғындарының  80 пайызы мемлекеттік қуат көзіне қосылған. Ал, қалған 20 пайызы жекенің меншігіндегі жарықты жағуға мәжбүр.  Қазірде Қаратаудағы 5 шағын ауданға электр желілерімен көгілдір отын  тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, ауыз судың азабын тартқан «Асар-2» де бұл азапты күннен құтылар күні де жақын.

«Асар-2» шағын ауданына  электр желілерін тарту жұмыстары былтырғы жылы басталған болатын. Құны 1 млрдтан асатын қуат желісінің құрылысы  бүгінде толығымен аяқталып, желіге кезең-кезеңімен қосу жұмыстары қалып тұр, дейді мердігер мекеме өкілі . Мұнан бөлек, Қаратау ауданындағы «Достық», «Тұран» ықшамаудандарына да мемлекеттік жарық тартылуда. Ал, «Тассай», «Азат», «Қайтпас» шағын аудандарына электр бағаналарын орнату жұмыстары жүріп жатыр.

7 жылдан бері ауыз судың азабын тартып келе жатқан «Асар-2»-ліктердің бұл азаптан арылар күндері де алыс емес. Ықшамауданды сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары басталған. Жоба құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Биылға 350  млн теңге бөлінген. Бекітілген қаржыға жылдың соңына дейін 1 мектеп және 300 тұрғын үй ауыз су жүйесіне қосылады, деп күтілуде.

«Асар-2»  ықшамаудан тұрғындарының көгілдір отынға қосылар күні де алыс емес. Қазіргі таңда 50,4 шақырым болатын ішкі орамдық газ жүйесінің құрылысы жүргізіліп жатыр. «Отау Строй» ЖШС жұмысты толығымен келесі жылы аяқтайтынын айтуда. Сонымен қатар, «Достық», «Азат» шағын ауданында да табиғи газ жүйелерін тарту жұмыстары  мамыр айында бастаған болатын. Құрылысы кесте бойынша келер жылы аяқталуы тиіс.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *