Шымкентте Ауған соғысы ардегерлері «NUR OTAN»-ға мүшелікке қабылданды. Оларға партия билетін «Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері» одағының төрағасы Ғалымжан Майхановтың өзі табыстады. Төраға қарулас достарына табыс тіледі.
Партия билеті 40-қа жуық «Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлер» одағының мүшелеріне берілді. Алайда, пандемияға байланысты шараға санаулы майденгер қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұған дейін бірлестіктің 70%-ы партия қатарына қабылданған.
Ғалымжан Майханов — «Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері» одағының төрағасы
-Бүгінгі іс-шара өзіміздің қарулас жігіттердің келесі бір тобын партияға партияға мүшелікке қабылдау күні. «NUR OTAN» партиясы құрылғалы бері Ауған соғыс ардагерлері облыс көлемінде қаншама жігіттер партия қатарына кірген. Бүгін соның кезекті бір шарасы.
Айта кету керек, одақ 1985 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Оған қаладағы 400 ардагер мүше. Майдангерлердің әл-ауқатын көтеріп, денсаулығын қадағалап отыру – басты міндеті. Сонымен қатар, бірлестік жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу жұмыстарымен де белсене айналысады.