ҮШ АУЫСЫМДАҒЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ 2024 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ТОЛЫҚ ШЕШІЛЕДІ

Шымкентте білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту жұмыстарына сәйкес, апатты, үш ауысымды мектептерді жою мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Қалалық білім басқармасының басшысы онлайн тамыз кеңесінде  үш ауысымдағы мектептер мәселесін 2024 жылға дейін толығымен шешу жоспарда екенін айтты.

Биыл 5100 орындық 8 мектептің және 300 орындық 2 өнер мектебінің құрылысы пайдалануға беріледі.  Апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азайды. Жалпы қаланың демографиялық өсіміне байланысты жыл сайын мектеп оқушыларының саны 12 мыңнан астам балаға артуда. Сонымен қатар, аталған мәселелерді шешу мақсатында Шымкент қаласының орта білім беру саласында жан басына қаржыландыру жүйесін ендіру арқылы жекеменшік мектептер желісін арттыру жұмыстары атқарылуда. Үш ауысымды білім беру мәселесін алдын алу бойынша оқушы орны тапшылығы туындау мүмкін болған шағынаудандар мен тұрғын алаптарға зерделеу жүргізіліп, білім нысандарының құрылысы бойынша жоспар жасалған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *