БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ТОЛЫҚ ДАЙЫН

Шымкенттің білім беру ұйымдары жылу маусымына 100 пайыз дайын. Бұл туралы  білім басқармасының басшысы онлайн форматта өткен тамыз кеңесінде мәлімдеді. Басқарма тарапынан атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

Жанат Тәжиеваның айтуынша, бүгінгі таңда үшінші мегаполистегі білім мекемелерінің жылыту жүйелерін жөндеу, қысымдау жұмыстары толық аяқталды. Бүгінде жеке қазандықпен жылытылатын 25 мекемеге 4793 тонна қатты және 190 тонна сұйық отын тасымалданып, жұмыс қарқынды жүргізілуде. Жалпы жылыту маусымына жоспарланған қатты және сұйық отындар арнайы лабораториядан өткізіліп, сертификаты алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *