ОРМАН ТҰҚЫМБАҒЫНДА КҮЗГІ ЖЕР ЖЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл белдеу» КММ-сі аумағының тұқымбағында күзгі жер жырту жұмыстары басталды.

Орман тұқымбағында алмұрт ағашының және тау пістесінің (фисташки) тұқымын жинау, тұқымды тазалау, кептіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қарағаш, жиде, легустра егілген алқапты арамшөптерден тазарту, суғару, қопсыту жұмыстары қолға алынды.

11 гектар аумақтағы Шымсая шатқалында ағаш көшеттерін суғару жұмыстары тұрақты атқарылуда.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *