ШЫМКЕНТ: 15 МЫҢ БҮЛДІРШІН КЕЗЕКШІ СЫНЫПТАРҒА БАРДЫ

Елімізде жаңа оқу жылы басталды. Өзіндік ерешеліктер жайында ел құлағдар. Мысалы, Шымкентте 24 мыңнан астам  бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттаса, соның 15-мыңдайы кезекші сыныптарда оқуға ниет білдірген. 

Кезекші сыныпқа келген шәкірттер аптасына 3 күн 3 сабақтан оқиды. Әр пәнге 20 минуттан беріледі. Қалған екі күнде балалар оқуды үйлерінде онлайн жалғастырады. Бір кабинетте 15 оқушыдан артық отыруға болмайды. Ал, қоғамдық ұйым өкілдері болса, балаларды мектеп партасынан көргендеріне  дән разы. «Тек санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс»,- дейді.

Жалпы биыл Шымшаһарда 172 мектепте 222 мың оқушы білім алмақ.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *