Қаланы қақ жарып өтетін Қошқарата өзенін күтіп-баптау жұмыстары жүріп жатыр. Шымқала тұрғындарының аптап ыстықта саялайтын, көрікті демалыс орнында қазір жұмысшылар тал-дарақтарды әктеп, тазартуда.
А. Асқаров атындағы дендрологиялық саябаққа қарасты Қошқар ата учаскесіне келетін жұрттың қарасы қалың. Қазір өзен бойында күнделікті күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, суғару, басты қақпа маңындағы гүлдерді арамшөптерден тазалау, шөп қырқу жұмыстары ұдайы атқарылуда. Жалпы санитарлық-тазалық жұмыстары басты назарда.Сондай-ақ, бұлақ суы бетін арам шөптерден тазалау жұмыстары да назардан тыс қалмайды.