Шымкенттегі Еңбекші ауданына қарасты көп қабатты тұрғын үйлердің алдындағы 64 аула күрделі жөндеуден өтті. Талай жылдан бері тозығы жетіп жөндеу көрмеген ойын алаңшалары заман талабына сай жабдықталған.
Ойын қуған балалар бұрын тозығы жеткен үйшіктер мен алаңға төгілген құмға аунап ойнайтын. Сырғанақ пен әткеншек дегенді мүлдем көрген емес. Өйткені ескі құрылғылар қауіпті болатын. Ойын алаңында асыр салып жүгірген баланың қуанышын айтып жеткізу мүмкін емес. Өйткені барлық құрылғылар жаңа әрі отандық өнім.
Еңбекші аудан аумағында 2020 жылы 64 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын қайта құру жұмыстарына бюджеттен 807,2 млион теңге қаралған. Сонымен қатар аудан аумағында 6-ашық спорт алаңшасын орнатуға 79,9 милион теңге қаралған.