Қыркүйек айынан бастап Шымкент қаласында карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету басталды. Бұдан былай ашық аспан астында орналасқан атракциондар жұмыс істейді. 30 адамнан аспайтын Мәдениет обьектілерінің жұмысына рұқсат берілді. Мешіттер ашылды.
Азық түлік және киім-кешек базарларының барлығы жұмыс күндері сағат таңғы 06:00 дан кешкі 18:00 ге дейін жұмыс істейді. Дүкендер мен супермаркеттердің жұмысы сол қалпында сақталды. Кафе асханалар арақашықты сақтау тәртібімен 30 адамға дейін дастархан жая алады. Бірақ бұл құдалық, беташар, той-жиынға рұқсат деген сөз емес.
Мегаполисте наурыздың 24 –і мен 1-ші қыркүйек аралығында COYID-19 бен 5174 жағдай тіркелген. Оның 22 –і сыртан келген, 3826 қалада жүріп ауырған. Ал 1336-сы солармен қарым қатынаста болғандар.