ТАЙҚАЗАННЫҢ КӨШІРМЕСІ ТАБЫЛДЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және
«Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларындағы көрсетілген бағыттарды жүзеге асыру мақсатында еліміздің тарихында өзіндік орны бар Тайқазанның өз тарихи орнына қайта оралған күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қ.А.Ясауи кесенесінде 18 қыркүйек күні «Береке, бірліктің символы — Тайқазан» атты көрме ашылады.

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі алты ғасырлық тарихы
бар қасиетті, алып қазан – Тайқазанның көшірмесі Шымкент қаласындағы
«Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №90 мектеп-
гимназиясында» жасалды.

Тарихқа үңілсек, Тайқазан әйгілі қолбасшы ӘмірТемірдің тапсырысымен 1399 жылы 25
маусымда (хижра 801 жыл, 20-шаууал) Түркістан қаласының батысында, 27
шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде құйылған. Ирандық шебер Әбділ Әзиз Шарафаддин Тебризи жасаған. Қазан сыртындағы араптың гүлденген сульс және куфи қолтаңбаларымен жазылған үш қатар жазудың біріншісінде оның Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалғаны туралы айтылады. 1935 жылы Тайқазанды Санкт-Петербургтегі атақты музей Эрмитажға, Иран шеберлерінің III Халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда
тұрып, 1989 жылы 18 қыркүйекте ғана Түркістанға қайтарылған болатын.«Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №90 мектеп-
гимназиясында» ағаштан жасалған  Тайқазан мектеп-гимназия директоры Орынбеков Арман Шымбайұлының идеясымен дүиеге келді. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Агибаев Қыдырәлі Бектұрғанұлының басшылығымен, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Тансихов Пердехан, Серікбеков Болаттың және оқушылардың қатысуымен жасалды

Тайқазанның жасалуына 18 ай уақыт кетті. Шеберлерді тиісті материалдармен Арман Шымбайұлының өзі қамтамасыз етіп отырды. Бір ерекшелігі Тайқазан Канада, АҚШ, Оңтүстік Корея, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстанда өсетін ағаштардан жасалды.

Қазақстан Республикасының ұлттық құнды жәдігерінің біріне айналған алып Тайқазанның ағаштан жасалған көшірмесі Түркістан қаласында Тайқазанның өз тарихи орнына қайта оралған күніне орай 18 қыркүйекте өтетін ұлттық көрмесіне сапар шекпек. Ағаштан жасалған Тайқазанның Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойына да арналғанын атап өтпекпіз.

Бұл –өзінің әрбір ерекше идеясымен, білім, өнер, спорт салаларындағы халықаралық, республикалық деңгейдегі жетістіктерімен танылып жүрген «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №90 мектеп-
гимназиясының» тағы бір жетістігі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *