ҚОНАҚ ҮЙДЕ ПРИТОН ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ЖЕҢГЕТАЙ АНЫҚТАЛДЫ

Республика көлеміндегі «Стоп-трафик» іс-шара шеңберінде Шымкент қаласының Полиция департаменті Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері адам саудасына қатысты қылмыстарды анықтау және олардың алдын алу бойынша жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Шымкенттік тәртіп сақшылары аталған іс-шара барысында қаладағы қонақ үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырған азаматшаны анықтап, Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жеткізді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабының 1-бөлігімен (жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *