Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті №2 қалалық аурухананың ұжымымен сыбайлас жемқоролықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру мақсатында жиын өткізді.
Шараға Департаменттің Алдын алу басқармасының басшысы Н.Қасымбеков, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Қ.Анарбеков және аурухана ұжымы қатысты.
Іс-шарада Департаменттің Алдын алу басқармасының басшысы Н.Қасымбеков жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, сыбайлас жемқорлықтың себептерін бірлескен шаралармен жоюға шақырды.
Сонымен қатар, басшыларға бағынышты қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына жол бермеу міндеті енгізілгені туралы айтылды.
Іс-шара барысында Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдағы негізгі бастамаларға тоқталып, аталған Заң сыбайлас жемқорлық көріністерін жүйелі түрде алдын алу бойынша қосымша шаралар енгізуге бағытталғандығын хабарлады.
Денсаулық сақтау саласы өкілдеріне қатысты келіп түскен шағымдардың аз еместігі хабарланып, басты мақсат жемқорлықтың алдын алып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, талқылау болып табылатындығын жеткізді.
Өз кезегінде, Штаб мүшесі Қайрат Анарбаев жүрегінде иманы бар, парасатты тұлғалар ғана жемқорлықты толығымен жойып, еліміздің жанашыры ретінде адал қызмет ететіндігін мәлімдеді.
Кездесуде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы талқыланып, қатысушылар жемқорлықтың алдын алуда белсенділік танытуға шақырылды.
Сонымен қатар, шарада сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Агенттіктің тәулік бойы қызмет ететін 1424 Call-орталығына хабарласа алатындығы жеткізілді.