Өрт-бұл өте қауіпті апат. Егер өрт орын алып, оның салдары болса, алдымен оның себебін, жану көзін анықтау қажет. Бұл ең біріншіден қандай жағдайларда өрт орын алатындығын білу және сол арқылы өрттің бұдан кейінде алдын алу үшін қажет. Мұны тек зерттеу өрт-сынақ зертханасы жүргізуге құқылы. Мұндай зертхана Шымкент қаласындағы өрт сөндіру қызметінде де бар. Өрттің себебін тез анықтауға мүмкіндік беретін құрылғылармен жабдықталған бұл зертхананың мамандары да тәжірибелі. Зерттеу өрт-сынақ зертханасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі З. Кеңесов азаматтық органдарында 25 жыл қызмет еткен маман.
Зейнулла Кеңесов Түркістан облысы Келес ауданы Жолбасшы ауылынды «Жолбасшы» орта мектебін бітіріп, 1995 жылы Алматы жоғарғы техникалық училищесі Көкшетау филиалына оқуға түседі, оқу орнын 1998 жылы тәмамдаған ол ОҚО мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Шымкент қаласындағы оқыту бөлімінде қарауыл бастығы болып тағайындалған.Одан кейінгі жылдары №23 өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің инспекторы, аға инспекторы, Шымкент қаласы Абай ауданының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау қадағалау басқармасының аға инженері,төтенше жағдайлар басқармасында бас маман қызметтерінде қызмет атқара жүріп мол тәжірибе жинап, өз кәсіби біліктілігін арттырды. Осындай біліктілігінің арқасында 2018 жылы қараша айында зерттеу өрт-сынақ зертханасының бастығы қызметіне тағайындалған. Өртті жедел зерттеу секторының міндеті болып табылатын өрт орнына шығу және оны зерттеуге байланысты жедел жұмысты абыроймен атқарып жүр. Үлгі болар аға буыннан жастарымыздың алар өнегесі мол екеніне сенімдіміз!
Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Қ. Арсланов