25 ЖЫЛ ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНДЕ

Біздің мақаламыздың кейіпкері туралы ескі советтік кинодағы қанатты сөздермен «Ол студен, комсомол, сонымен қатар өте сұлу» деп айтуға  болады.

Әрине Наталья Лукьянчикова қазір студент емес (алайда сырт келбетіне қарасаң керсінше ойлап қалуға болады) және ол комсомол жас кезінде болды. Жоғарыда аталған барлық қасиеттерінен басқа Наталья Владимировна әйелдерлермен емес, 100% ерлерден құралған ұжымда жұмыс жасайды – ол Шымкент қаласындағы мамандандырылған жасақтың
диспетчері. Ол бұл қызметке кездейсоқ келген жоқ.

Наталья Владимировна Лукьянчикова өрт сөндірушілердің жанұясында дүниеге келді. ӘӘкесі В.В. Радченко қарауыл бастығынан өрт сөндіру бөлімінің бастығы лауазымына
дейін қызмет етті және анасы В. Н. Радченко зейнеткерлік жасқа дейін диспетчер болып жұмыс жасады.

Бұл жылы азаматтық қорғау прапорщигі бұл салдағы 25-жылдығын атап өтеді. Осы жылдардың барлығында «101» желісінде жұмыс жасай жүрып, өз міндетін адал атқарды, рация арқылы ақпараттарды қабылдауды қамтаасыз етті, журналға жазады, түрлі қызметтермен бірлесіп қызмет атқарды. «Бір күн ішінде қоңырау көп түседі және олар әртүрлі болады.

Қателесіп, үйдегі кикілжің кезінде қоңырау шалады, ал кейде қалжыңдайтындар да болады, сонымен қатар түрлі төтенше жағдайға байланысты хабарласады. Жұмыс атқарып жүрген жылдары көп жағдайларды бастан кештім. Қиыншылықтарға қарамастан мен өз
жұмысымды жақсы көремін. Ерлер ұжымымен хабарлай отырып әрекет жасаймын, бір-бірімізге көмектесеміз». Әрине осындай қарбалас жұмыс кестесі барда бос уақыт бола бермейді. Оны Наталья Владимировна балаларына арнайды. Ол 23 және 14 жастағы екі қызды тәрбиелеп отыр.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *